spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚазалыдан әскерге аттанған сарбаз оқу-жаттығу кезінде жолдасын құтқарып қалды

Қазалыдан әскерге аттанған сарбаз оқу-жаттығу кезінде жолдасын құтқарып қалды

Jaqtime.kz Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны, қатардағы жауынгер Байдосұлы Ердәулет оқу-жаттығу атысы кезінде есінен танып қалған әскери жолдасын қауіпсіз жерге алып шықты.

2026 жылдың көктемгі шақырылымы кезінде Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскери қызметке шақырылған Ердәулет Байдосұлы бүгінде әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

Оқиға 24 тамыз күні әскери бөлім 30212-де өткен оқу-жаттығу атысы барысында болған. Атыс даярлығы кезінде БМП-2 әскери машинасының ішінде болған кіші сержант Ерболсын Жандос газ иісінен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

Қауіпті жағдайды дер кезінде байқаған қатардағы жауынгер Ердәулет Байдосұлы әскери жолдасына көмек көрсетуге асыққан. Ол кіші сержантты БМП-2 көлігінен алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Сонымен қатар сарбаз радиобайланыс арқылы жоғары басшылыққа жағдайды баяндап, атысты тоқтату қажеттігін хабарлаған. Кейін кіші сержантқа рота сержанты мен рота медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Көрсеткен батылдығы мен шұғыл әрекеті үшін Ердәулет Байдосұлы әскери бөлім командирінің атынан Алғыс хатпен марапатталып, 10 тәулік демалыс алған.

Сарбаздың ата-анасына да Қазалы ауданының әкімі А. Есмахановтың Алғыс хаты табысталды.

Қазалы Қоғамдық Даму Бөлімі

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР