spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚазақстандықтар Құрбан айтқа орай қосымша бір күн демалады

Қазақстандықтар Құрбан айтқа орай қосымша бір күн демалады

Jaqtime.kz Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне байланысты қосымша бір күн демалады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен күнтізбесіне сәйкес, биыл қасиетті мейрам 27–29 мамыр аралығында өтеді.




Еліміздің еңбек заңнамасына сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың алғашқы күні – демалыс. Биыл мерекенің бірінші күні 27 мамыр, сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Осыған байланысты қазақстандықтар жұмыс аптасының ортасында қосымша бір күн тынығатын болады.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін азаматтар үшін мамыр айының соңындағы жұмыс кестесі келесідей ретпен айқындалады:

• 25 және 26 мамыр (дүйсенбі, сейсенбі) – жұмыс күндері;
• 27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айтқа орай ресми демалыс күні;
• 28 және 29 мамыр (бейсенбі, жұма) – жұмыс күндері;
• 30 және 31 мамыр (сенбі, жексенбі) – кезекті демалыс күндері.

Аталған демалыс күні алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарға да қатысты. Заңнама талаптарына сәйкес, олар үшін де 27 мамыр – ресми демалыс күні болып есептеледі.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР