ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің мәлімдеуінше, бұл орталықтардың операторлары мен менеджерлері Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа тартып отырған.
Ауқымды жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша қылмыстық топтың ұйымдастырушылары, операторлары мен менеджерлерін қосқанда барлығы 11 адам ұсталды. Тоғыз бөлек мекенжай бойынша жүргізілген тінту амалдарының нәтижесінде шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, сондай-ақ қылмыстық әрекетте қолданылған 18 ұялы телефон мен 12 ноутбук пен планшет тәркіленді. Қазіргі уақытта қолға түскен техникадағы жабық мәліметтерді зерттеу, ұйымдастырушылардың аккаунттарын анықтау және ауқымды қаржылық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары бұл халықаралық call-орталықтардың жабылуы Қазақстан азаматтарын есірткі қылмыстарына тарту фактілерін айтарлықтай азайтып, трансұлттық есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды заң алдында толықтай жауапқа тартуға мүмкіндік беретінін айтады.




