spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚызылорда университетінің ғалымдары дәндік құмайды зерттеуді жаңа деңгейге көтермек

Қызылорда университетінің ғалымдары дәндік құмайды зерттеуді жаңа деңгейге көтермек

Jaqtime.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің PhD докторы, Аграрлық технологиялар білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры Серік Бекжанов ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.


(Фото Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы)

Іссапар аясында ғалым Ташкент облысы Зангиата ауданындағы Андижан дәндік және бұршақ тұқымдас дақылдар ғылыми-зерттеу институтының Малазықтық дақылдар ғылыми-тәжірибелік станциясында болып, дәндік құмай бағытында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулермен танысты.

Кездесу барысында дәндік құмайды өсіру агротехникасы, селекциясы және тұқым шаруашылығының қазіргі жай-күйі талқыланып, саладағы өзекті ғылыми мәселелер бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ тараптар тәжірибе бөлісіп, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырды.

Жұмыс сапары барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Өзбекстанның жетекші зерттеушілері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселесіне ерекше мән берілді. Нәтижесінде тұзданған топырақ жағдайына бейімделген, жоғары өнімді дәндік құмай генотиптерін анықтауға бағытталған бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және тәжірибелік зерттеулер жүргізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, бұл әріптестік дәндік құмайдың селекциялық материалдарын жан-жақты бағалауға, генетикалық ресурстармен алмасуға және Арал өңірінің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген жаңа сорттарды шығаруға бағытталған ғылыми жұмыстардың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР