spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарҚызылордада «Бірлікке үн қосқан» фестивалінің іріктеу кезеңі өтеді

Қызылордада «Бірлікке үн қосқан» фестивалінің іріктеу кезеңі өтеді

Jaqtime.kz Қызылордада этномәдени бірлестіктердің шығармашылық әлеуетін танытатын «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі өтеді.

2026 жылғы 19 қыркүйек күні сағат 12:00-де Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалінің іріктеу кезеңі ұйымдастырылады.

Фестивальдің басты мақсаты – этномәдени бірлестіктердің шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру, ұлттық өнерді кеңінен насихаттау, мәдени құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту.

Өнер байқауы бес номинация бойынша өткізіледі:

  • «Үздік шығармашылық ұжым»;
  • «Үздік аспаптық шығарма»;
  • «Үздік орындаушы»;
  • «Қазақ тіліндегі үздік орындаушы»;
  • «Үздік хор ұжымы».

Фестиваль этномәдени бірлестіктер өкілдеріне өз өнерін көпшілікке таныстырып қана қоймай, мәдениеттер сабақтастығы мен достық құндылықтарын шығармашылық арқылы дәріптеуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар өңірдегі барлық этномәдени бірлестіктерді фестивальдің іріктеу кезеңіне белсенді қатысуға шақырады.

Қатысуға ниетті этномәдени бірлестіктер 8705 491 67 77 телефон нөмірі арқылы өтініш бере алады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР