spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарСалық кодексіне қандай өзгерістер енеді?

Салық кодексіне қандай өзгерістер енеді?

Jaqtime.kz Салық кодексіне ел өміріндегі ірі саяси және лингвистикалық жаңаруларды айқындайтын ауқымды түзетулер енгізілгелі жатыр. Жаңа конституциялық модельге сәйкес әзірленген бұл өзгерістер заңнамалық құжаттардағы бірқатар маңызды атауларға тікелей әсер етпек. Реформаның алғашқы белгісі ретінде ұлттық валютамыздың атауы ресми түрде түзетіледі. Осы уақытқа дейін кодекс мәтінінде қолданылып келген «тенге» сөзі енді мемлекеттік тілдің заңдылығына толық сәйкестендіріліп, барлық баптарда «теңге» деп жазылатын болады.



Сонымен қатар заң жобасында мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформаларға байланысты бірқатар маңызды терминологиялық және редакциялық түзетулер қарастырылған. Мәселен, құжаттың кей баптарында кездесетін «Парламент» сөзі бұдан былай «Құрылтай» ұғымымен ауыстырылады. Ал «Қазақстан Республикасы Парламенті» атауының орнына «Қазақстан Республикасы Құрылтайы, Қазақстан Халық Кеңесі» деген жаңа редакция енгізілмек. Бұған қоса, заң жобасы аясында Конституциялық сотқа қатысты жекелеген нормаларды алып тастау және кейбір терминдерді қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіру де ұсынылып отыр.

Бекітілген жоспар бойынша, Конституция күшіне енгеннен кейін, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі ресми түрде жұмысын бастауы тиіс. Осыған байланысты, ұсынылған заң жобасына сәйкес, Салық кодексіне енгізілетін бұл тарихи өзгерістер де 2026 жылғы 1 шілдеден бастап толықтай күшіне енбек.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР