Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі елдегі екі ірі ұлттық компанияның топ-менеджерлерін ұстады.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 11 қараша күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отыншиев және өзге де тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен қолға түскен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтауда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.



