
Қармақшы ауданында ауыл шаруашылығысаласын дамыту бағытындағы жұмыстаржүйелі түрде жалғасуда. Бұл туралы ауданәкімі Жандос Еркінбек Қызылорда облысыныңӨңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындаөткен баспасөз брифингінде баяндады.
Брифинг барысында аудан басшысы ауылшаруашылығы аудан экономикасының негізгісалаларының бірі екенін атап өтіп, атқарылыпжатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларғатоқталды.
– Ауыл шаруашылығы – ауданэкономикасының басты қозғаушы күштерініңбірі. Сондықтан егін шаруашылығынәртараптандыруға, су ресурстарын тиімдіпайдалануға және ауыл шаруашылығыөндірісінің өнімділігін арттыруға ерекше мәнберіп келеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағыуақытта да кезең-кезеңімен жалғасады, – дедіаудан әкімі.
2026 жылы ауданда жалпы көлемі 24 788 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарыорналастырылды. Оның ішінде 11 449 гектары күріш болса, биыл алғаш рет 733 гектар алқапқа дәндік жүгері егілді.
Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарынбақша өнімдерімен қамтамасыз етумақсатында 960 отбасыға 420 гектар жербөлініп, қосалқы шаруашылықты дамытуғақолдау көрсетілді.
Биыл Қармақшы ауданына 522,3 млн текшеметр су лимиті бекітілген. Бүгінгі күнге дейінегістік алқаптарына 311,2 млн текше метр су жеткізіліп, бұл жоспардың 59,5 пайызынқұрады. Алдағы кезеңде тағы 211,1 млн текшеметр су алу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы саласында да оң көрсеткіштерқалыптасуда. 2026 жылдың қаңтар–мамырайларының қорытындысы бойынша аудандабарлық түлік мал басының өсімі қамтамасызетілді.
Брифингте су ресурстарын тиімді пайдаланужәне ирригациялық инфрақұрылымдыжаңғырту жұмыстарына ерекше назараударылды. Су үнемдеу технологияларыненгізу мақсатында жалпы ұзындығы 88,5 шақырымды құрайтын 12 каналды бетондаубойынша жобалық-сметалық құжаттарәзірленуде. Жобалардың жалпы құны 26,7 млнтеңгені құрайды.
Сондай-ақ, Т.Көмекбаев ауылдық округінің«Қарақ» учаскесіндегі 5 көзді гидротехникалыққұрылысқа 19,5 млн теңгеге жөндеужұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда су тоспасықалыпты режимде жұмыс істеуде.
Ал Иіркөл ауылдық округіне қарасты«Жапалақ» каналының 4,5 шақырым бөлігіне7,0 млн теңге көлемінде механикалық тазалаужұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі егін орағының нәтижесіне қарай су тұтынуы төмен ауыл шаруашылығыдақылдарының егіс көлемін кезең-кезеңіменұлғайту жоспарланып отырғанын атап өтіп, су ресурстарын тиімді пайдалану мен ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуынқамтамасыз ету бағытындағы жұмыстаралдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.



