spot_img
spot_img
HomeҚызылордаЖаңақорған ауданыТабиғатты қорғау – ортақ парыз: Жаңақорғандық экологтар марапатталды

Табиғатты қорғау – ортақ парыз: Жаңақорғандық экологтар марапатталды

Jaqtime.kz Жыл сайын 5 маусымда бүкіл әлем Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтсе, елімізде бұл күн экология саласы мамандарының кәсіби мерекесі ретінде ерекшеленеді. Осы айтулы датаға орай Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сапарбаев жиналған қауымды қос мерекемен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл күн табиғатты қорғау ісіне жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегіне құрмет көрсететін ерекше мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ бүгінде ортақ еңбектің арқасында өңіріміздің экологиялық ахуалы жақсарып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениеті қалыптасып келе жатқанына тоқталып, баршаға зор денсаулық, амандық, отбасыларына бақ-береке және еңбектеріне табыс тіледі.

Мерекелік басқосу аясында аудан әкімінің орынбасары экологияны жақсартуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Салтанатты іс-шара барысында ауданның Құрметті азаматы Ерғали Оразбеков те сөз сөйлеп, өзінің ізгі тілегін білдірді. Рухани кеш соңында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, жиналған көпшілікке көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР