spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарЖандос Еркінбек: Қармақшының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жыл сайын артып келеді

Жандос Еркінбек: Қармақшының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жыл сайын артып келеді


Қармақшы
ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойыншатұрақты оң серпін сақталуда. Бұл туралыҚызылорда облысының Өңірліккоммуникациялар қызметінде өткен баспасөзбрифингінде аудан әкімі Жандос Еркінбекмәлімдеді.

Брифинг барысында аудан басшысы өңірдіңнегізгі әлеуметтік-экономикалықкөрсеткіштеріне тоқталып, барлық негізгібағыттар бойынша жоспарлы жұмыстардыңжүйелі жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жыл сайын артып келеді. Биылғыжылдың алғашқы жартыжылдығында негізгікөрсеткіштердің барлығы бойынша оң нәтижегеқол жеткізілді. Бұлмемлекеттікбағдарламалардың тиімді орындалуы мен атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесі, – деді аудан әкімі.

2026 жылға аудан бюджеті бастапқыда 9,0 млрд теңге көлемінде бекітілген болатын. Шілде айындағы нақтылау барысында бюджет көлемі 5,9 млрд теңгеге ұлғайтылып, жалпыкөлемі 15,0 млрд теңгені құрады.

2026 жылдың қаңтармаусым айларыныңқорытындысы бойынша аудан бюджетініңтүсімдері 4,9 млрд теңгені құрап, жоспар 102,5 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттің меншіктікірістері алғашқы алты айда 1,6 млрд теңгеніқұрап, бекітілген жоспар 108,4 пайызғаорындалды. Нәтижесінде жергілікті бюджеткежоспарланған межеден 121,5 млн теңге артыққаражат түсті.

Брифинг барысында аудан әкімі барлық негізгіәлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша100 пайыздан жоғары көрсеткіштерге қолжеткізілгенін атап өтіп, алдағы кезеңде деөңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етубағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР