spot_img
spot_img
HomeҚызылордаЖаңақорған ауданыЖаңақорған ауданында 6 тамыз – Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы күрес күніне орай...

Жаңақорған ауданында 6 тамыз – Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы күрес күніне орай тағылымды шара өтті

Jaqtime.kz Жаңақорған ауданындағы Тағзым алаңында ұйымдастырылған бұл шара Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан азаматтарды еске алуға арналды.

Жиын барысында апат құрбандары мен оның зардабын жою жолында жанқиярлық танытқан жерлестеріміздің рухына Құран бағышталып, қатысушылар Тағзым алаңына гүл шоқтарын қойды және бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Іс-шараға қатысушылар Чернобыль апатының адамзат тарихындағы ең ірі техногендік зілзалалардың бірі екенін атап өтіп, оның зардаптарын еңсеруге атсалысқан ардагерлердің ерлігі әрқашан жадымызда сақталатынын жеткізді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР