spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарЖаңақорған ауданының құрама командасы облыс чемпионы атанды

Жаңақорған ауданының құрама командасы облыс чемпионы атанды

Қызылордада белгілі қаржыгер-экономист, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қамбарбек Амангелдіұлы Мүбәраковты еске алуға арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық футзал турнирі өз мәресіне жетті. Тартысты өткен спорттық додада Жаңақорған ауданы әкімдігінің құрама командасы үздік өнер көрсетіп, І орынды жеңіп алды.
Жеңіске жету оңайға соққан жоқ: турнирге облыстың барлық мемлекеттік мекемелерінен, сондай-ақ қала мен аудандардан жиналған 26 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Барлық қарсыластарынан басым түскен жаңақорғандық мемлекеттік қызметшілер турнирдің бас жүлдесін қанжығаларына байлап, аудан мерейін үстем етті.


Сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетатінің ректоры Наурызбай Байқадамов, мемлекет және қоғам қайраткері Руслан Рүстемов, зиялы қауым өкілдері мен марқұмның туған-туыстары қатысты.
Сондай-ақ жарыстың ашылуына орай Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев арнайы құттықтау жолдады.
Аймақ басшысы өз сөзінде Қамбарбек Мүбәраковтың Сыр өңірінің дамуына қосқан үлкен үлесін атап өтті:
«Қамбарбек Амангелдіұлы Шиелі ауданының әкімі, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы, бірнеше басқарманың басшысы қызметтерін абыроймен атқарып, ел мүддесі жолында адал еңбек етті. Бүгінгі спорт сайысы — асыл азаматтың есімін ел жадында сақтап, жастарға үлгі етіп насихаттау мақсатында ұйымдастырылды», — деді Мұрат Ергешбаев.

Шара барысында марқұмның үзеңгілес досы Руслан Рүстемов пен ағасы Бақытжан Амангелдіұлы да естеліктерімен бөлісіп, қатысушыларға лебізін білдірді.
Елге еңбегі сіңген азаматты еске алуға арналған бұл турнир алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР