spot_img
spot_img
HomeҚызылордаЖаңақорған ауданыЖаңақорғанда «Халық Құрылтайы – Бірлік алаңы» атты мәдени-көпшілік шара өтті

Жаңақорғанда «Халық Құрылтайы – Бірлік алаңы» атты мәдени-көпшілік шара өтті

Jaqtime.kz Жаңақорған ауданындағы «Prime Park» демалыс орнында ел өміріндегі маңызды саяси және қоғамдық оқиғаларға арналған «Халық Құрылтайы – Бірлік алаңы» атты ауқымды мәдени-көпшілік шара өтті.

Салтанатты жиынның негізгі мақсаты – елдегі ауызбіршілік пен қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың бойында жауапкершілік пен саяси белсенділікті арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау болды.

Басқосу барысында Құрылтайдың халқымызда атам заманнан келе жатқан дәстүрлі кеңесу мәдениетімен тығыз сабақтас маңызды қоғамдық институт екендігі ерекше атап өтілді. Ел ішіндегі саяси үдерістерге әрбір азаматтың саналы түрде қатысып, өз таңдауын жасауы – мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығының кепілі екені айтылды. Мұндай ашық алаңдар халық пен билік арасындағы диалогты арттырып, ел болашағын бірге айқындауға зор септігін тигізеді.


Мәдени-көпшілік шараның екінші бөлігі аудан өнерпаздары дайындаған мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде Жаңақорғанның дарынды өнерпаздары ел бірлігін, татулықты, ынтымақ пен туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін патриоттық әндерді шырқап, арнау өлең-жырларын оқыды. Ән мен жырдан шашу шашылған бұл кеш жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өнер арқылы ұлттық рухты асқақтата түсті.


Шара соңында ұйымдастырушылар мен ақсақалдар тұрғындар мен қонақтарды алдағы маңызды саяси науқандарда азаматтық белсенділік танытып, ел болашағы үшін өз дауыстарын беруге, ортақ іске біркісідей атсалысуға шақырды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР