spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарЖергілікті әскери басқару органдарына – 35 жыл

Жергілікті әскери басқару органдарына – 35 жыл

Жаңақорған аудандық Руханият орталығында Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 35 жыл толу мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мемлекеттік пен патриотизмнің айшықты көрінісіне айналған бұл жиынға аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбек, әскери саланың ардагерлері, Қарулы Күштердің қызметкерлері және жергілікті жұртшылық өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынның ашылуында жергілікті әскери басқару органдарының ширек ғасырдан астам уақыт ішінде жүріп өткен тарихи жолы мен ел қорғанысын нығайтудағы стратегиялық рөлі кеңінен сөз болды. Жиын барысында бұл құрылымның жай ғана әскерге шақыру мекемесі емес, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі және азаматтарды әскери қызметке сапалы даярлаудағы басты көпір екені ерекше атап өтілді. Жиын аясында аудан басшысы Ғалымжан Жарқынбек құттықтау сөз сөйлеп, салада жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге ризашылығын білдірді. Салтанатты шара барысында өздерінің қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстарға белсенді үлес қосқан, сондай-ақ жастарды әскер қатарына шақыру науқанын жоғары деңгейде ұйымдастырған бірқатар әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер марапат төрінен көрінді. Оларға ауданның жоғары марапаттарының бірі – Құрмет грамотасы мен аудан әкімінің Алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етілді.

Салтанатты жиынның ресми бөлімі арнайы дайындалған сазды-концерттік бағдарламаға ұласты. Руханият орталығының өнерпаздары мен аудандық мәдениет үйінің ұжымы патриоттық әндер шырқап, әскери қызметтің абыройын, Отанға деген сүйіспеншілік пен ерлікті дәріптейтін әсерлі өнер туындыларын көрермен назарына ұсынды. Сондай-ақ, залда жиналғандарға әскери басқару органдарының күнделікті тыныс-тіршілігі мен даму тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетілді. Өткен 35 жыл – бұл ел қорғанысы жолындағы табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жоғары кәсібиліктің айқын көрсеткіші. Бүгінгі таңда да бұл орган мемлекетіміздің іргесі бекем, шекарасы берік болуы үшін өз міндетін сапалы атқаруды жалғастырып келеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР