spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтар«Арай» саябағында жас баланың аяғы аттракционға қысылып қалды

«Арай» саябағында жас баланың аяғы аттракционға қысылып қалды

Jaqtime.kz Әлеуметтік желілерде Қызылордадағы «Арай» саябағында орын алған оқыс оқиғаның видеосы тарады. Куәгерлердің түсірілімінен аттракционға аяғы қысылып қалған жасөспірімнің ауыр жарақат алып, қатты қиналып жатқаны көрінеді.

 

( Фото ЖИ)

Желі қолданушыларының мәліметінше, зардап шеккен баланың жағдайы қазіргі уақытта өте ауыр. Оған шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп жатыр.


Зардап шеккен жеткіншекке шұғыл түрде қан қажет. Саябақтағы оқыс оқиғадан кейін ауыр халде жатқан баланың өмірін сақтап қалу үшін барша тұрғындардан қан тапсырып, көмек қолын созу сұралады.


Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан оқиғаның мән-жайы мен аттракционның қауіпсіздік талаптарына қаншалықты сай екендігі тексерілуде.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР