spot_img
HomeЖаңалықтарДостық үйлері – бірлік пен келісімнің мектебі

Достық үйлері – бірлік пен келісімнің мектебі

Шығыс Қазақстан облысында «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті. Жиында келісім институттарын дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру, жастарды тарту және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Сессия жұмысына Достық үйлерінің директорлары, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Еркебұлан Ақболатов Достық үйлерінің бүгінде келісімнің ғана емес, мәдениет, жастар мен азаматтық бастамалардың да орталығына айналғанын атап өтті.

Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Эльмира Жанғазиева Достық үйлерінің қызметінде тарихи-мәдени мұраны интеграциялаудың маңыздылығына тоқталды.

«ТРИНТА» қорының директоры Юлия Натарова азаматтық қоғам институттарымен серіктестік тәжірибесін ортаға салды.

ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нелли Краснобаева этносаяси диалогты дамытудағы ғылыми қауымдастықтың ықпалын ашып көрсетті.

«Ассамблея жастары» РҚБ ШҚО филиалының төрағасы Равиль Юнусов жастарды қоғамдық келісім жұмыстарына тартудың маңызын ерекше атады.

Ал «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинова Достық үйлерінің келісімнің нышаны әрі азаматтық белсенділіктің орталығы екенін атап өтті.

Сессия қорытындысында қатысушылар табысты тәжірибелермен жүйелі түрде алмасу, жастар және үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті кеңейту, сондай-ақ Достық үйлерінің азаматтық бастамалар мен мәдени алуандық алаңы ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін ортаға салды.

Бүгінде Достық үйлері Қазақстандағы сенім мен қоғамдық келісімді нығайтатын негізгі институт мәртебесін тағы бір дәлелдеп отыр. Алдағы уақытта олардың қызметі қоғамды біріктіруге, жастар бастамаларын дамытуға және ұлттық-мәдени мұраны сақтауға бағытталатын болады.
spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР