spot_img
spot_img
HomeЖаңалықтарКаспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметші теңізге ағып кетті

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметші теңізге ағып кетті

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай орын алды.

(Фото ЖИ)

Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 9 әскери қызметші қаза тапты. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары жедел жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру мақсатында оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің комиссиясы аттанды.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, олардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.

Іздестіру жұмыстарының барысы және әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша ақпарат деректер нақтыланған сайын беріледі. Қорғаныс министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР